BasNewsЖаңалықтар
Кейінгі тәулікте Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырудың 80 жағдайы анықталды
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19-ды жұқтырудың 80 жағдайы анықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, бір тәулік ішінде коронавирус белгілері бар пневмонияның да бір жағдайы тіркелді.
15 сәуірдегі мәлімет бойынша, елімізде 1 805 адам коронавирус инфекциясынан (–1 621+ және 184 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 184-і стационарда, 1 621 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• жағдайы ауыр – 2 адам,
• жағдайы өте ауыр – 0,
• ӨЖЖ аппаратында жатқан науқастар – 0.