Шымкент қаласында су басу ықтимал аймақтарға жерүсті мониторингі жүргізілді

Төтенше жағдайлар департаментінің аудандық басқармаларының қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп қауіпті су басу ықтимал аймақтарға жерүсті мониторинг жүргізді.
Нәтижесінде су басу қаупі бар 38 елді мекен, оның ішінде 73 көше анықталды. Қауіпті деп танылған аймақтардағы каналдар мен ирригациялық жүйелерді жиналған мұздан, қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Су тасқыны кезеңінде халықты дер кезінде хабардар ету мақсатында Департамент СМС хабарламалар, цифрлық 26 теле және 3 радиоарналарды ұстап алу құралдары арқылы дауылды ескертулерді үнемі жариялап отырады.
Қала аумағында жердің тоңы 12 см. құрап отыр. Департаменттің бөлімшелері және аудан әкімшілігі 30 мекенжай бойынша су шығару, бөгет жасау жұмыстарына шықты.
Абай ауданында Темірлан тас жолы Закир дүкенінің қасында, Көкжайлау шағын ауданында Төлеметов және Өтегенов көшелерінің қиылысында, Шымсити шағын ауданында 26 үйдің жер төлесінен, Саттарханов, Б.Майлин, Сыпырған ата, Арыстан баб, Іле, Ұста Мұхаммад, Алпамыс батыр көшелерінде, Тельман бөлімшесінде суды шығару жұмыстары атқарылды. Абай ауданы бойынша жалпы 360 м 3 су шығарылып, 13 техника, 14 мотопомпа, 54 жеке құрам жұмылдырылды.
Тұран ауданы Қазығұрт шағын ауданында Бөгенбай батыр, Жандарбеков көшелерінде, 1 мамыр, Юнатов көшелерінде, Бәйтереков және Арғынбеков көшелерінің қиылысында, Құрсай шағын ауданында Қарашығанақ және Ащысай көшелерінде, 4 шағын ауданында Байтулы баба көшесінде, Жаңаталап шағын ауданында жұмыс жүргізілді. Жалпы Тұран ауданында 4 техника, 4 мотопомпа, 20 жеке құрам жұмылдырылды және құм толтырылған 150 каппен бөгет жасалынды.
Қаратау ауданында Нұртас шағын ауданында Гүлдала, Жасталап, Саяғат көшелерінде, Тассай шағын ауданында Атбасар көшесінде, Қайтпас -1 шағын ауданында Жамалов көшесінде суды шығару жұмыстары жүргізілді. Жалпы Қаратау ауданы бойынша 670 м 3 су шығарылып, 8 техника, 4 мотопомпа, 50 адам жеке құрам жұмылдырылды.
Енбекші ауданында Аширов, Сиреневый, Тайманұлы көшелерінде, А-1 автожолындағы теміржол көпірінің астында, Сайрам көшесі мен Жібекжолы көшесінің қиылысында жұмыстар атқарылды. Жалпы Еңбекші ауданы бойынша 350 м3 су шығарылып, 9 техника, 5 мотопомпа, 47 адам жеке құрам жұмылдырылды.



