Сотталғандарды түзету – қауіпсіздік кепілі

Түзеу мекемелерінде сотталғандар арасындағы құқық бұзушылықтарды (оның ішінде қасақана) азайту бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін қала прокуратурасы сотталғандардың бойында құқықтық тәртіпті, жеке адамға, қоғамға, еңбекке, қоғамды мінез-құлық нормаларына, ережелері мен әдептілік деңгейіне оң көзқарасты қалыптастыруға бағытталған «Сотталғандарды түзету – қауіпсіздік кепілі» жобасын іске асыруды ұсынды.
Бұл жобаның негізгі бағыты пенитенциарлық жүйе мекемелерінде сотталғандардың қоғамға оралғаннан кейін заңға бағынатын азамат болуына көмек беретін тиімді бағдарламалар құру және оларды осы бағдарламаларға белсенді қатыстыру болып табылады. Тиімді бағдарламалары бар жақсы ұйымдастырылған түрме болашақта олардың мінез-құлқын түзету үшін арнайы контингентпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп сенеміз.
Жоба шеңберінде құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен қатар адам құқықтарын қорғау жөніндегі отандық және халықаралық ұйымдарды тарту көзделеді.
Сондай-ақ, қаламызда жерді өз бетінше иелену негізгі өзекті мәселелердің біріне айналған. Осы жағдайды бірлесіп шешу, оған мүмкіндіктер туғызатын жағдайларды анықтау және жою мақсатында прокуратура әкімдікпен бірлесіп Жоба менеджменттік тәсілді пайдаланып әзірлеген іс-шара жоспары қатысушыларға таныстырылып, қолдау тапты. Бұл іс-шаралар арнайы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы, уәкілетті органдар, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, іске асырылады.
Үстіміздегі жылдың 23 қаңтарда қала прокуратурасы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Кеңеске қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы, жергілікті құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларымен қатар, қала әкімдігінің басқарма басшылары қатысты. Кеңес төрағасы – Ғабит Мұқанов алаяқтықтың, оның ішінде интернет-алаяқтығының бүгінгі қоғамда күрделі мәселеге айналғанын, Республика аумағында қылмыстылық көрсеткіші соңғы 5 жылда 50%-ке азайғанымен, алаяқтықтардың саны керісінше 50%-ке, ал қаламызда 11%-ке артқанын, бұл жағдайдың қаламызға да тән екенін атап өтті.



