BasNewsЖаңалықтар

Алматыда 26 мектепке «мина» қойылды

Алматыда жалпы білім беретін бірнеше мектепке «мина қойылды», – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26 мектепке «мина қойылғаны» туралы хабарлама 2023 жылғы 20 сәуірде түскен.

«Қаланың шұғыл жедел қызметтері осындай хабарларға алғашқы ден қою шаралары шеңберінде қазіргі уақытта аталған объектілерге жарылыс-техникалық зерттеу жүргізуде», – деп мәлімдеді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Ведомство бірнеше мектеп тексерілгенін, ақпарат жалған болып шыққанын атап өтті.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасуда», – делінген хабарламада.

Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау – бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Back to top button