Шымкент: Өндірістік жарақаттануды төмендетуді көздейтін жобаларды енгізу

Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өткен жылы атқарған жұмыстарының көрсеткіштері толығымен орындалды.
2023 жылы атқарылатын жұмыстардың басымдықтарына келсек: Жұмыскерлерді қажетті деңгейдегі табыстармен қамтамасыз ету және уақытылы төленуін қамтамасыз ету, Өндірістерде жазатайым оқиғалардың алдын алу, Өндірістік жарақаттануды төмендетуді көздейтін жобаларды енгізу, Ұжымдық шарттар түзу.
Өндірістерде жазатайым оқиғалардың алдын алу:
- визуалды қарау нәтижелерін құқық қорғау органдарына жолдау және олардан түскен ұсыныстар, талаптар бойынша бақылау шараларын ұйымдастыру;
- Прокуратура, Полиция және Шымкент қаласы әкімдігі арасында меморандум түзу;
- жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. 7558 әрекеттегі компаниялардың 2141 ғана сақтандыру келісім шартын жасаған (28,3%).
Өндірістік жарақаттануды төмендетуді көздейтін жобаларды енгізу:
- ҚР Президенті ұсынған «Халықтық бақылау» жобасын енгізу;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізу;
«Vision Zero» нөлдік жарақат» тұжырымдамасына қосылу.
Ұжымдық шарттар түзу. Әлеуметтік жауапты кәсіпорындардың барлығы ұжымдық шарттар түзген. Халықаралық еңбек ұйымы ұжымдық еңбек қатынастарын рәсімдеуге шақырады.
Жұмыскерлердің құқықтары:
Еңбек кодексінде жұмыскерлердің құқықтары айқындалған. Олардың:
– жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдердің, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындауды талап етуге;
– еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
– еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
– бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;
тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;
- еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
- міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
- еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;
- кепілдіктерге және өтемақы төлемдерін алуға;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен қамтамасыз етілуге.



