Жаңалықтар

Шымкент: Өндірістік жарақаттануды төмендетуді көздейтін жобаларды енгізу

Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының өткен жылы атқарған жұмыстарының көрсеткіштері толығымен орындалды.

2023 жылы атқарылатын жұмыстардың басымдықтарына келсек: Жұмыскерлерді қажетті деңгейдегі табыстармен қамтамасыз ету және уақытылы төленуін қамтамасыз ету, Өндірістерде жазатайым оқиғалардың алдын алу, Өндірістік жарақаттануды төмендетуді көздейтін жобаларды енгізу, Ұжымдық шарттар түзу.

Өндірістерде жазатайым оқиғалардың алдын алу:

  • визуалды қарау нәтижелерін құқық қорғау органдарына жолдау және олардан түскен ұсыныстар, талаптар бойынша бақылау шараларын ұйымдастыру;
  • Прокуратура, Полиция және Шымкент қаласы әкімдігі арасында меморандум түзу;
  • жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті. 7558 әрекеттегі компаниялардың 2141 ғана сақтандыру келісім шартын жасаған (28,3%).

Өндірістік жарақаттануды төмендетуді көздейтін жобаларды енгізу:

  • ҚР Президенті ұсынған «Халықтық бақылау» жобасын енгізу;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттарды енгізу;

«Vision Zero» нөлдік жарақат» тұжырымдамасына қосылу.

Ұжымдық шарттар түзу. Әлеуметтік жауапты кәсіпорындардың барлығы ұжымдық шарттар түзген. Халықаралық еңбек ұйымы ұжымдық еңбек қатынастарын рәсімдеуге шақырады.

Жұмыскерлердің құқықтары:

Еңбек кодексінде жұмыскерлердің құқықтары айқындалған. Олардың:

– жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдердің, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындауды талап етуге;

– еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;

– еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;

– бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;

тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;

  • еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
  • міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
  • еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;
  • кепілдіктерге және өтемақы төлемдерін алуға;

– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жабдықталған жұмыс орнымен қамтамасыз етілуге.

Басқа жаңалықтар

Back to top button