Елімізде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта қаралады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокөлікті несиелендіру бағдарламасында қаралуы жоспарланған негізгі тармақтарды айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, бағдарламаға бірден төрт тармақ бойынша өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Алғашқы тармақтардың бірі – автокөлікке алғашқы жарна енгізу.
«Бірінші мәселе – бастапқы жарна. Ол ешқашан болған емес, бірақ енді ол көлік сомасының 15 пайызы болады.
Екіншісі – қоғам мен БАҚ-тың талабы бойынша көлікті алғандардың аты-жөні жарияланады.
Үшінші тармақ – бағдарламаға қатысу үшін қандай көліктерге рұқсат етілетіні бойынша өзгерістер енгізіледі. Қазір бағдарлама 10 миллион несие сомасына және 15 миллион көлік сомасына мүмкіндік береді. Біз Kia Sportage және Hyundai Tucson сияқты брендтердің қатысуын қайта қарастыруымыз мүмкін. Тағы да айтамын, бұл түпкілікті шешім емес, біз оны талқылап жатырмыз», – деді Қарабаев Үкімет отырысы кулуарында.