BasNewsЖаңалықтар

Маңғыстау облысында жаңа туған сәбиді сатқан адам ұсталды

Маңғыстаулық полицейлер жаңа туған нәрестені саудалау дерегін анықтады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

4 мамырда сағат 13:00 шамасында Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.

Back to top button