Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі
«Қазгидромет» РМК сенбі, 13 мамырға Қазақстанның бүкіл аумағында ауа райы болжамы ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.
Алматыда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел екпіні 13 м/с жетеді. Түнгі температура +15…+17°C, күндіз +24…+26°C.
Шымкентте бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +20…+22°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +14…+16°C.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C.
Жезқазған үшін көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C. Облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі.
Қарағандыда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +28…+30°C. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.
Көкшетауда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +11…+13°C. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады.
Конаевода ауа райы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында найзағай күтіледі.
Қостанайда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +10…+12°C. Облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, күн күркіреп, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда үшін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы +17…+19°C, күндіз +32…+34°C.
Павлодарда бұлтты, жаңбыр жауады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +17…+19°C. Облыстың оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, түнде облыстың солтүстігінде үсік күтіледі.
Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +9…+11°C. Облыстың басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстігі мен батысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +22…+24°C. Солтүстікте, облыс орталығында найзағай күтіледі.
Талдықорған үшін бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +28…+30°C. Таулы аймақтарда, оңтүстікте, облыс орталығында найзағай күтіледі.
Таразда бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында найзағай күтіледі.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 8-13 жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C. Оңтүстікте, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, солтүстікте шаңды дауыл күтіледі.
Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C. Облыстың солтүстігінде найзағай күтіледі.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 5-10 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +21…+23°C. Облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі.