BasNewsЖаңалықтар

Түркістан облысында 11 жасар қыз суға батып кетті

Түркістан облысының Абай ауылында қайғылы жағдай болды: 8 мамыр күні 11 жастағы оқушы қыз «Ошақты» каналына батып кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыз судан өздігінен шыға алмай қалған. Бұл жағдай оның құрбысының көз алдында болған.

Қыз ойнап жүріп, абайсызда суға құлап кеткен. Кейін денесі оқиға орнынан 5 шақырым жерден табылды.

«Суға батып кеткен қызды іздеуге Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері, 8 полиция қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 4 қызметкері және туыстарынан 12 адам жұмылдырылды. Іздеу барысында «Ошақты» каналындағы су уақытша тоқтатылды», делінген Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Back to top button