BasNewsЖаңалықтар

Түркияда президент сайлауы басталды

14 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де (Астана уақыты бойынша 11:00) Түркияда сайлау учаскелері ашылды. Ел халқы 5 жыл қызмет ететін президентті және парламенттің жаңа мүшелерін сайлайды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

 28-ші шақырылымдағы Президент және Парламент Мәжілісі сайлауында ел бойынша 973 сайлау округі мен 1 094 округтік сайлау комиссияларында 191 мыңнан астам сайлау жәшігі орнатылды.

Cайлаушылардың саны – 60 миллион 697 мың 843 адам. 4 миллион 904 мың 672 сайлаушы алғаш рет дауыс береді. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан және абайсызда қылмыс жасағаны үшін сотталған сайлаушылар саны – 53 172 адам.

Президентті сайлауға арналған бюллетеньде әуеліде 4 адам болды. Алайда 11 мамырда үміткерлердің бірі Мұхаррем Инже өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді.

Осылайша, Түркия басшысына қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған, оппозициялық партиялардың кандидаты және Республикалық халық партиясының төрағасы Кемал Кылычдароғлу және Ататүрікшілер альянсынан үміткер Синан Оган үміткер боп қалды.

Back to top button