BasNewsЖаңалықтар
Қарағанды облысында ер адам ажырасу рәсімі кезінде әйелін пышақтап өлтірді
Қарағанды облысында ер адам ажырасу рәсімі өтіп жатқанда әйелін өлімші етіп жаралады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұқар жырау ауданының тұрғыны ажырасу рәсімі кезінде әйеліне пышақпен шабуылдаған. Оқиға облыстық АХАЖ бөлімінде болған. Жәбірленушінің дереу медициналық мекемеге жатқызылғаны, кейін ол сол жерде қайтыс болғаны белгілі болды.
Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.