BasNewsЖаңалықтар
Теміртауда өгей қыздарын бірнеше рет зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Теміртауда кәмілетке толмаған қыздарды зорлады деген айыппен өгей әкелері өмір бойына сотталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Іс Қылмыстық кодекстің 121-бабы «Сексуалды сипаттағы зорлық зомбылық-әрекеттері» бойынша қаралды.
«Айыпталушы А. Барлық баптар бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды», – делінген Қарағанды облыстық ауданаралық мамандандырылған сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Іс материалдарына сәйкес ер адам 2009 және 2012 жылдары туған қыздарды зорлаған. Бұл дерек 2021 жылдың қазанында болғаны айтылады.
«Жәбірленушілердің жас екенін және қарсылық көрсете алмайтынын біліп, дәрменсіз жағдайын пайдаданып, бірнеше рет сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткен», – деп түсіндірді сотта.