Шымкентте ер адам массажист әйелге шабуыл жасады
Шымкентте ер адам массажистке шабуыл жасап, ақша аудартып алған. Мұны полицияға тонаушының құрбаны болған әйелдің өзі хабарлаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі otyrar.kz басылымына сілтемемен.
Жәбірленушінің айтуынша, хабарландыру сайты арқылы ер адам хабарласып, массажист қызметіне тапсырыс берген. Ол массаж бөлмесіне келіп, бірден әйелге шабуыл жасап, қорқытып, өзінің шотына 21 мың теңге көлемінде ақша аудартып, қашып кеткен.
Аталған жайтты тергеушілер ҚК-тің 191-бабы 2-бөлігі «Жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіру» бойынша тіркеуге алды.
Күдікті тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұстады. Ол бұрын алаяқтық және ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Қазіргі уақытта ер адам қамауда отыр.