BasNewsЖаңалықтар

Елімізде COVID-19-ға кімдер тексеріле алады

Мемлекеттік комиссияның жедел штабы COVID-19 індеті бойынша кімдердің бірінші тексерілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Basnews.kz.

Жедел штабтың мәліметтері бойынша, алғашқылардың бірі болып тексеруден:

коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға қатысатын адамдар, жедел жәрдемнің, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің медицина қызметкерлері;

тыныс алу органдарының ауыр созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған адамдар; науқастармен әлеуетті байланыста болған адамдар;

коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

карантиндік аймақтардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері (коммуналдық қызметтердің, азық-түлік, дәрі-дәрмек сататын сауда нысандарының, тамақ жеткізумен айналысатын қоғамдық тамақтану объектілерінің, зарарсыздандыру қызметін көрсететін ПИК қызметкерлері, көлік жүргізушілері және т. б.)

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тест тапсыра алады.

Экспресс-тестілердің дұрыстығы 90%-дан кем емес.

ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының сайтында пациенттің деректерін енгізуге арналған сауалнама жасалды, эпидемиологиялық іріктеудің қорытындысы бойынша тестілеу жүргізілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button