BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды “Жалпыұлттық аза тұту күні” деп жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз», – деді Мемлекет басшысы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып барғанда.

Back to top button