BasNewsЖаңалықтар
Шетелдік әйелді итеріп, құлатқан полицей жұмысынан босатылды
Алматыда қызметтік көліктің есігін ашпақ болған шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатқан полицей жұмысынан қуылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшысы сабырсыздық танытып, іс-әрекетімен қоғамда наразылық тудырды. Салдарынан полиция қызметкерлері сынға қалды.
«Тәртіп бұзған қызметкер 14 маусым күні жұмыстан шығарылды. Ол полицей органда ұзақ жұмыс істемеді», – деп хабарлады ведомстводан.