BasNewsЖаңалықтар

Ақсуда 15 жастағы қыз 9-қабаттан құлап, көз жұмды

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, шақырту сағат 22:29-да түскен.

«Жедел жәрдем бригадасы алты минутта жетті. Дәрігерлер 15 жастағы қыздың ауыр жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмғанын анықтады. Туыстарының айтуынша, қыз бала кішкентай балалардың қай жерде ойнап жүргенін терезеден қарап тұрған кезде абайсызда құлап кеткен», – деп жазылған хабарламада. 

Ақсу қаласы білім бөлімінде 9-сынып оқушысы өзі тұратын үйдің 9-қабаттағы балконынан секіріп кеткенін хабарлады.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы, Ақсу қаласының прокуроры мен кезекші прокурор шыққан.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 105 бабы –  «өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Back to top button