BasNewsЖаңалықтар
Саудада доллар бағамы өсті
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,70 теңгеге көтеріліп, 451,82 теңге болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 62,93 теңге (+0,32) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 486,31 теңге деп белгіледі. Рубль бағамы өзгерген жоқ – 5,35 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 449,5-453 теңге, еуро 488-492,5 теңге, ресей рублі 5,27-5,51 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Әлемдік мұнай бағасы кешегіден кейін қайта көтерілді.
Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы барреліне 73,3 долларға дейін 0,48%-ға, WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 68,61 долларға дейін, 0,5%-ға өсті.