BasNewsЖаңалықтар

Алматыдағы дамыту орталығында алты жасар бала көз жұмды

Алматыда жекеменшік балаларды дамыту орталығында 6 жасар бала көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Алматы қалалық ІІД мәліметінше, 6 жасар баланың өлімі Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өлімі” дерегі бойынша тіркелген.

«Қылмыстық іс бойынша өндіріс аумақтық бөлінісінде Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілуде», – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Ата-аналардың бірі оқыс оқиғаның бүгін, 16 маусымда түскі шамасында болғанын айтты. Оның айтуынша, баланың үстіне шкаф «құлап кеткен».

Орталық Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан. Олар балаларды мектепке дайындаумен, сонымен қатар жапондық әдіс бойынша балаларды дамытумен айналысады.

Жеке даму орталығы бұл апатқа қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Back to top button