BasNewsЖаңалықтар
Павлодарда 75 жастағы әжейді күйеу баласы зорлаған
Павлодарда 54 жастағы ер адам енесін бірнеше рет зорлағаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Күдікті тергеу және сот кезінде өз кінәсін мойындамаған. Бірақ жиналған деректер оның енесіне екі зорлығын жасағанын дәлелдеді.
Қылмыстық істің мән-жайы жария етілмеді, ал сот отырысы жабық режимде өткен.
Күтімді қажет ететін зейнеткер қызы және күйеу баласымен бірге тұрған. Тергеу нұсқасына сәйкес ер адам енесінің қарсылық таныта алмайтынын пайдаланып, зорлық көрсеткен.
Заттай айғақтар ішінде зейнеткердің өзіне қол салғысы келгенде жазған хаты болған. Сот үкімімен ер адам 8 жылға сотталып, 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.