Жаңалықтар

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын заңда белгіленген талаптарды бұза отырып тартуға тыйым салынады. Құрылыс үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту жөнінде осы Заңның талаптарын бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз деп көрсетілген.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» бекітілген іс-шаралар Шымкент қаласының прокуратурасымен тығыз байланыста жүргізіледі. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның 6-бабына сәйкес басқарма тарапынан тұрақты негізде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу объектілерінің құрылысына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар, басқарма тарапынан әлеуметтік желілерде БАҚ-та үлескерлердің ақшасын заңсыз тартудың алдын алу бойынша тұрақты түрде ақпараттық жұмыстары жүргізіледі. Осыған қоса, бектілген іс-шаралар Шымкент қаласының прокуратурасымен тығыз байланыста екендігін және қатаң бақылауында атқарылып жатқандығын атап өту керек деп санаймыз.

Қазіргі таңда жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Тұрғын үй салуға үлескерлердің ақша қаражатын заңсыз тарту мәселелері түсіндірілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button