Шымкентте екі жасөспірім 6 жасар бүлдіршінді құтқарып алды

Оқиға Шымкент қаласындағы Игілік тұрғын алабының аумағынан ағып өтетін Бадам өзені бойында 2023 жылғы 10 мамырда орын алған.
Шомылуға келген бір топ бала өзенге кішкентай бала батып кеткені туралы айтады. Алғашқы сәтте бұған сенбеген Ердаулет пен Рамазан оқиға орнына барады. Суда баланың денесі қалғып жүргенін көріп, оны жағаға алып шығады. Рамазан Аманкелдиев бүлдіршіннің іші ісіп, өзі көгеріп келе жатқанын байқап, тез арада реанимациялық іс-әрекеттерге кіріседі.
Ол шаршаған сон, қасындағы Ердаулет Шыңғысхан әрі қарай реанимациялық іс-әрекеттерді жалғастырады. Тоқтаусыз жасаған әрекеттері өз нәтижесін берді. Жас баланың ауызынан су шығып, демала бастайды. Өзіне келген бала не болғанын түсінбей жылай бастайды. Бұны көрген Рамазан мен Ердаулет қуанып кетеді. Осылайша дер кезінде көмекке келіп, дәрігерлік алдын медициналық көмек көрсеткен екі жасөспірім оқушылардың арқасында кішкентай балапан аман қалды.
Бүгінгі күннің батырлары қаладағы #128 жалпы орта мектептің 8 сынып оқушысы Ердаулет Шыңғысхан және оның досы 9 сынып оқушысы Рамазан Аманкелдиев.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің «101» пультіне сағат 13: 21-де Шымкент қаласы Абай ауданы Тұрлан шағын ауданында өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері Тұран шағынауданында Инкәрдария көшесінің бойында 180 ш.м. алаңда қойма шатырының жануы орын алғанын, қойманың ішінде ескі тоңазытқыштар болғанын анықтады. Қойманың жалпы ауданы 720 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ қойма аумағында 10 шаршы метр құрғақ шөп өртенді. Өрт сағат 14. 22-де оқшауланып, 15.02_де толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 37 адам, 6 техникасы жұмылдырылды.


