BasNewsЖаңалықтар

Brent маркалы мұнайдың бағасы 34 доллардан асты

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы маусым айындағы жеткізілімдер бойынша 3,24 пайызға өсіп, барреліне 34,12 доллар болды, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

WTI маркасы фьючерсінің бағасы 27,15 доллар (+4,1%) болып тұр.

Мұнай бағасы ОПЕК+ министрлерінің бейнебайланыс форматындағы келіссөздері алдында өсіп жатыр.

ОПЕК+ кеңесі 6 сәуірде өткізілуі тиіс еді, алайда 9 сәуірге ауыстырылған.

ТАСС дереккөздерінің мәліметінше, бұған оған қатысушылардың мұнай өндірісінің көлемін қысқарту бойынша алдын ала консенсусқа дайын болмауы себеп.

Басқа жаңалықтар

Back to top button