Шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы

Шымкент қаласы әкімі орынбасарының «2023 жылғы шомылу кезеңінде Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмысшы топ құрылды.
Еңбекші ауданы аумағында шомылу орындарына түгендеу жұмыстары жүргізіліп, тізімі жасақталды («Сауран», «Рахат Бадам», «Холодильник»). Аталған демалыс орындары иелерімен шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы Бадам және «Сайрам су» өзенінің бойы шомылуға тыйым салынған орын ретінде белгіленіп, арнайы 20 дана тақтайшалар орнатылуда. Сондай-ақ, шомылуға тыйым салынған орындарға күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп, әр аптаның демалыс күндері жергілікті учаскелік полиция, Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
Еңбекші бойынша 2023 жылғы шомылу маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары және Еңбекші аудандық Полиция басқармасымен бірлесе «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында аудан аумағындағы суға шомылуға қауіпті «Бадам, Сайрам су» өзеніне жақын орналасқан елді-мекендердің тұрғындарына, мектептерге балалар мен жасөспірімдерді қараусыз қалдырмау туралы түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылуда.
Сонымен қатар, судағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша аудан аумағында орналасқан білім беру нысандарын, елді мекеннің орам басшыларын қамти отырып, үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, Еңбекші ауданы бойынша «Сауран», «Рахат Бадам», «Холодильник» демалыс орындарының иелерімен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларын тегін шомылдыру бойынша меморандум жасақталуда.
Айта кетейік, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданы аумағында атқарылып жатқан жұмыстар туралы апта сайын тікелей эфир арқылы баяндалуда. Бүгінгі кездесуде Еңбекші ауданы аумағында: Шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы; Қысқы маусымға дайындық барысы туралы; Көпқабатты тұрғын үйлерде тұрмыстық газды пайдалану қауіпсіздігі туралы қысқаша баяндалды.



