BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысында қар жауып, боран соқты (видео)

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты үш қала сусыз, жарықсыз және жылусыз қалды, – деп хабарлайды BasNews.kz.

Қостанай, Рудный, Лисаковск қалаларында электр беретін құрылғылар мен ағаштар, билбордтар мен ғимараттардың қаптамасы қираған.

«Жарық бар кезде 11 хабарлама түсті. Оның үшеуі электр беру құрылғыларының қирағаны туралы болды. Қазір бүкіл қала бойынша ақпарат анықталып жатыр» – дейді Қостанай облысы әкімдігінің Ахуалдық орталығы басшысының міндетін атқарушы Әлішер Батырбеков.

Сонымен қатар, Лисаковс тұрғындары да жарық пен жылудың өшкенін хабарлаған.

Қостанайда автобус қозғалысы тоқтаған. Облыстық жолдардың көпшілігінде көріну нөлге тең. Көптеген жол-көлік оқиғалары туралы хабарланып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button