Жаңалықтар

Шымкент: «Сот кабинеті» тақырыбында семинар өткізілді

«Сот кабинеті» – бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе.

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кабинеті» сервисін енгізу. Электронды үкімет порталы арқылы сотқа арыз беру» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысында төраға Д.Сайханов «Сот кабинеті» электронды сервисі сәтті іске асырылып жатқанын атап өтті.
«Сот кабинеті» – бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе. Ол арқылы азаматтар және олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады. Сонымен бірге, мелекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған. Жаңадан енгізілген бұл қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға пайдасын тигізеді.

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану сот қызметінің қолжетімді, ашық әрі тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады.
Сондай-ақ, ақпараттық сервистерді қолдану сот кеңсесі қызметкерлерінің ғана емес, сотқа жүгінетін адамдардың да уақытын үнемдейді. Азаматтар үйлерінен шықпай-ақ сотқа жүгініп, Жоғарғы Соттың ресми сайты арқылы өз құжаттарын бере алады.
Іс-шара барысында қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық электронды сервис арқылы сотқа құжаттарды электронды түрде беру тәртібімен көрнекі түрде таныстырылды.
Сонымен қатар e-gov электронды порталы арқылы электронды-цифрлық қолтаңбаны алу және арыз беру тәртібі де түсіндірілді.
Семинар соңында қатысушылар, адвокаттар алқасының өкілдері мен заңгерлерге құжаттарды «Сот кабинеті» электрондық сервисімен жіберу туралы осындай семинарлар өткізу керектігін атап өтті.

Айтып кетейік, сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электронды форматын әзірледі. Атап айтқанда, сот кабинетінің негізгі мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button