Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментімен және «Ақзам» мешітімен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан хабардар етті.
Қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізуге бағытталғанын айтып өтті.
Сонымен қатар, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы баяндап, өткен жылы тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасын атап өтті.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпаратты сеніп қалдыруға немесе кеңес алуға болатын Агенттіктің 1424 Call-орталағының жұмысы баяндалып, жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
«Ақзам» мешітінің имамы Жүсіп Рамазан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының бірінің мәні діни тұрғыдан да сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жазаның ауыр болатынын баяндады.
«Е- Өтініш» ақпараттық жүйесі бойынша келіп түскен өтініштерді дұрыс тіркеу, тіркелген жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау бойынша профилактикалық жұмысты күшейту жəне басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын сақтау мақсатында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Шымкент қаласы бойынша Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының прокуроры Шынаргүл Құрбанғалиқызы Айымбетованың қатысуымен құқықтық оқу отырысы өткзілді.