Шымкент

Шымкент қаласының аумағындағы орман және дала өрттерін алдын алу

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы және Еңбекші ауданы ТЖБ-ның қызметкерлерімен бірге Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерін алдын алу және жою мақсатында құрылған мобильдік топтармен, тәжірбие жүзінде сабақ өткізіліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аймақтың континенталды климатын ескере отырып, Шымкент қаласы ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында, орман шаруашылықтарының, жергілікті атқарушы, азаматтық қорғау және басқа да органдардың өртке ден қою және алдын алу іс-шараларын іске асыруға дайындығын пысықтап, тиісті іс-шаралар жүргізуде.

Қала аумағында жалпы аумағы 12 980 га құрайтын егістік алқабы  бар 60 шаруа қожалығы орналасқан. Шымкент қаласында жалпы көлемі 6 мың. 286 га құрайтын «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысына қарасты  «Бадам» орман шаруашылықтары бар. Орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларында қала аумағында жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 53 шақырым, жергілікті автомобиль жолдарының бойларында 320,2 шақырым, орман қоры жерлерінде 300 шақырым және егістік алқаптарында 402,1 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілді. Орман қорын қорғау мақсатында осы екі шаруашылықтың балансында, жалпы 22 бірлік бейімделген техника және 186 өрт сөндіру құралдары мен 14 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен адам құрамы дайындыққа келтірілген.

Болуы мүмкін орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында жалпы 42 ерікті өрт сөндіру топтары құрылып, құрамында 405 адам дайындыққа келтірілді және бейімделген қосалқы техникалары мен арнайы қол құралдарымен қамтамасыз етілген. ТЖ департаментінде 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілді.

Қала аумағында жыл басынан бері 62 өрт тіркелді, материалдық шығын 124 млн 952 мың теңгені құрады. Өрттің салдарынан 8 адам қаза болған (4 есе өскен 2022ж. –2), жарақат алғандар жоқ (100%-ға төмендеген 2022-2). Өрттердің 79 пайызы тұрғын үй секторы (28 өрт немесе жалпы өрттің 46%) мен көлік өрттеріне (21 өрт немесе жалпы өрттің 33%) тиесілі. Сонымен қатар, өрт қауіпті кезең басталғалы бері 412 жану жағдайлары орын алып, оның ішінде 125 құрғақ шөп және 77 қоқыс жанған.

Back to top button