Шымкент

Тоғыс стансасында судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Еңбекші ауданы ТЖ басқармасы мен Азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары Тоғыс стансасында судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тоғыс су қоймасында «Холодильник» демалыс аймағы орналасқан. Суға демалуға келушілердің басым көпшілігі жасөспірімдер. Ата-аналары мен балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, судағы тыйым салынған белгілерден асып кетпеу, балаларды көзден таса қалдырмау туралы тағы да еске салынды.

Судағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйелі профилактикалық рейдтер жүргізеді. Құтқарушылардың назарында тек жабдықталған орындар ғана емес, сонымен қатар шомылуға арналмаған «жабайы жағажай» орындары да бар.  Өкінішке орай, тыйым салынған орындардағы рейдтік іс-шараларда қала тұрғындарының шомылуы, демалысы, онда тақтайшалар орнатылғанына қарамастан тіркелуде. Құқық бұзушылармен әңгімелесу барысында қауіпсіз демалу ережелері туралы еске салынды, жеке орындардың шомылуға жабдықталмағанына назар аударды, мұнда зерттелмеген және тазаланбаған орындарда   жарақат алу қаупі үлкен, сондай-ақ суда қайғылы жағдай орын алған кезде көмек кешігіп келетіндігі туралы айтылды.

Шомылу маусымы басталғаннан бері құтқарушылардың Полиция департаментімен бірлесіп өткізілген патрульдеудің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 (жалпы су пайдалану қағидаларын бұзу) бабы бойынша 8 тұлғаға ескерту берілген, 412-бабы бойынша (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) 8 тұлғаға 96 600 теңгеге, 440-баптары (спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу) бойынша 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 37 700 теңге сомасында айыппұл салынды.

Back to top button