BasNewsЖаңалықтар

Мемлекет басшысының жарлығымен төрт министр қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен төрт министр Марат Қарабаев, Дархан Қыдырәлі, Асхат Оралов, Зүлфия  Сүлейменова қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

“Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Back to top button