BasNewsЖаңалықтар
Мемлекет басшысының жарлығымен төрт министр қызметінен босатылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен төрт министр Марат Қарабаев, Дархан Қыдырәлі, Асхат Оралов, Зүлфия Сүлейменова қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
“Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;
Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;
Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.