BasNewsЖаңалықтар

Бизнесмендер қытайлық тауардың бағасын негізсіз көтеріп отыр – министр

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын негізсіз көтеретіндердің жосықсыз бизнеспен айналып отырғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Өкінішке орай, бүгінгі таңда көптеген сатушы Қытаймен шекара жабылғанын сылтау қылып, азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеріп отыр. Осыған байланысты Қытаймен тауар қозғалысы тоқтамағанын мәлімдеймін, деді министр үкімет отырысында.
Сондай-ақ, ол бағаны себепсіз көтеруге болмайтынын ескертіп, базарлардағы немесе сауда бағаларындағы баға жоғары екенін байқаған жағдайда 8 (7172) 751632 немесе 8 (7172) 749832 нөмірлеріне хабарласу қажеттігін айтты.

kaz.tengrinews.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button