BasNewsЖаңалықтар
Ержан Сәденов ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды
Президент Марат Ахметжановты ішкі істер министрі қызметінен алып тастады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Ахметжанов бұл лауазымға 2022 жылдың 25 ақпанында тағайындалған еді.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Оның орнына министр қызметіне Ержан Сәденов келді.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген жарлық мәтінінде.
Ержан Сәденов бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген.