BasNewsЖаңалықтар

Ержан Сәденов ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды

Президент Марат Ахметжановты ішкі істер министрі қызметінен алып тастады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ахметжанов бұл лауазымға 2022 жылдың 25 ақпанында тағайындалған еді.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Оның орнына министр қызметіне Ержан Сәденов келді.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген жарлық мәтінінде.

Ержан Сәденов бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Back to top button