BasNewsЖаңалықтар

Алматыда тағы 2 адам коронавирустан жазылды: Аурудан айыққандар саны 63 болды

Алматыда коронавирустан екі адам жазылып шықты, деп хабарлайды BasNews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірі – 1978 жылы туған ер адам және екіншісі – 23 жастағы қыз.

Ер адам 23 наурызда Шарм-эль-Шейх қаласынан ұшып келді, ал қыз 17 наурызда Цюрих-Ыстанбұл-Алматы рейсімен келген.

Екеуінің де ауру деңгейі жеңіл болды. Қазір олар 14 күндік үй карантинінде.

Мегаполисте қазір 28 адам емделіп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button