Жаңалықтар
Тоқаев Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V консультативтік кездесуіне және халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады.



