Жаңалықтар

Шымкентте полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған мас жүргізуші қамауға алынды

Полицейлер түнгі уақытта қала көшелерін патрульдеу кезінде Тәуке хан даңғылының бойында тізгіндеушісі мас күйде болуы мүмкін деген күдікпен Chery Tiggo автокөлігін тоқтатты.

Алайда көлік тізгіндеген азамат тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынудан түбегейлі бастартып, жылдамдықты асырып, қашып құтылуға тырысқан. Ер адамның бұл әрекеті жол қозғалысына қатысушы өзге де тұлғалардың өміріне үлкен қауіп төндірді.

Автоэкипаж қызметкерлері көмекке әріптестерін шақырып, жауапкершіліктен жалтармақ болған жүгенсіз жүргізушінің соңына түсті. Тәртіп сақшылары жол апаты жағдайларының болуы мүмкін екенін ескеріп, оны құрықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. Нәтижесінде заң бұзушы Рысқұлов көшесінің бойында ұсталды.

Полицейлер оның іс әрекетінен мастық белгілерін анық байқаған. Алайда ер адам алкогольді ішімдік ішу дерегін анықтау үшін медициналық тексеруден өтуден бас тартты.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігі (Полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау) және осы баптың 4-бөлігі (Масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) бойынша хаттама толтырылды.

Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Сот шешімен азамат 15 тәулікке қамауға алынып, 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Шымкентте «Сергек қорғау – қауіпті жүргізуші» қосымшасының көмегімен 3000-ға жуық құқық бұзушылық анықталды. Жыл басынан бері Шымкент ҚПД Жедел басқару орталығының қызметкерлері «Қорғау» қосымшасының көмегімен 2867 қауіпті жүргізушіні анықтады. Оның ішінде 62-сі бұрын автокөлікті басқару құқығынан айырылған, 555-і мас күйде көлік жүргізген, тағы 31-і жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан.

Мәселен, жақында ЖБО-ның бақылаушы инспекторлары мегаполис көшелерінің біріне мониторингжүргізу кезінде 2030 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылған тұлғаны ұстады. Бұл туралы олар патрульдік полиция полкінің экипаждарына хабарлады. Өз кезегінде құқық бұзушыға қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, көлікті айып тұраққа қамады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button