BasNewsЖаңалықтар
Астанада бала күтуші мен оның көңілдесі баланы азаптап өлтірген
Астанада жас баланы қинап өлтірген бала күтуші мен оның көңілдесіне сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қалалық прокуратура өкілдері хабарлауынша, кінәлі адамдар балаға қарсы қатыгез қылмыс жасағаны үшін жазаланды.
«2022 жылы бала күтуші мен бірге тұратын көңілдес адамы жас баланы физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырату салдарынан оның өліміне әкеп соқты», – делінген ведомство хабарламасында.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.
«Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды», – делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енді.