BasNewsЖаңалықтар

Астанада бала күтуші мен оның көңілдесі баланы азаптап өлтірген

Астанада жас баланы қинап өлтірген бала күтуші мен оның көңілдесіне сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қалалық прокуратура өкілдері хабарлауынша, кінәлі адамдар балаға қарсы қатыгез қылмыс жасағаны үшін жазаланды.

«2022 жылы бала күтуші мен бірге тұратын көңілдес адамы жас баланы физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырату салдарынан оның өліміне әкеп соқты», – делінген ведомство хабарламасында.

Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.

«Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды», – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Back to top button