ЖаңалықтарШымкент

Шымкентте индустриалдық аймақта өрт орын алды

Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесі 5 шақырым «Ордабасы» индустриялдық аймақтың аумағында сағат 22:10-да «Аль-Абай» ЖШС-на қарасты сабын шығаратын цех қоймасының ішінде сабын дайындауға арналған шикізат жанды. Өрттің көлемі 285 ш.м. құрады.

Өрт сағат 23:02-де оқшауланып, сағат 02:29 толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің себебі мен материалдық шығындардың көлемі анықталуда.

Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінен 80 қызметкер, 22 дана техника, «Эко» ЖШС-ның 4 дана су тасығыш, 4 қызметкер, Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 5 қызметкері, 2 дана техника жұмылдырылды.

Моншаны қатты қыздыру салдарынан өрт орын алды. Абай ауданы, Қайнар бұлақ саяжайында сағат 18:11-де өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.

Өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнында Жаңақұрылыс көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің ауласында жазғы асхананың, көлемі 64 ш.м. құрайтын моншаның шатыры және моншаның екі есігі, 4 м3 жиналған ағаш отыны жанғандығын анықтады.

Өрт сағат 18:24-те оқшауланып, сағат 18:40-та толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша үйдің егесі моншаны қатты қыздыру салдарынан өрт шыққан. Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 15 қызметкері, 4 дана техникасы жұмылдырылды.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» қызметіне сағат 01.45-те Абай ауданы, Бозарық шағын ауданы Желтау көшесіндегі тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшесі жеткен кезде үйдің ауласындағы 120 ш.м. қора толығымен, ішінде 5 бас сиыр жанып жатқандығы анықталды. Өрт сағат 02:43-те оқшауланып, сағат 03:25-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Өртті сөндіруге 4 техника, жеке құрамнан 22 адам, апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды. 2023 жылдың 7 айында Шымкент қаласы аумағында 109 өрт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға өскен. Биылғы жылы өрттен жарақат алғандар тіркелмеді, өткен жылмен салыстырғанда 100%-ға төмендеген. Тіркелген өрттердің негізгі бөлігін 75% тұрғын үйлер мен автокөліктердегі өрт оқиғалары құрап отыр. Қалған 25 өрт немесе 27,25% өндіріс, сауда, қойма, әкімшілік объектілерде және ашық аумақтарда орын алды.

Back to top button