ЖаңалықтарШымкент

«Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында адам көп шоғырланатын жерлерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында адам көп шоғырланатын жерлерде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сауда орындарына келушілерге тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелер еске салынды. Қарапайым өрт қауіпсіздік ережелері ұмытпау үшін арнайы жадынамалар тапсырылды.

Шымкентте 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өрттің және адам өлімінің алдын алу айлығы өткізілуде. Құрамына ТЖ қызметкерлерінен басқа әкімдіктердің, білім беру органдарының, полиция департаментінің өкілдері, еріктілер кіретін рейдтік топтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың үй иелерінің өртке қарсы жай-күйін, сондай-ақ жалғызбасты қарт азаматтар мен жоғары әлеуметтік тәуекел тобындағы адамдардың тұратын жерлерін тексеруге ерекше назар аударады.

Айлық іс-шаралардың басты мақсаты – халықтың  қауіпсіздік деңгейін арттыру. Сондықтан рейдтік топтардың мүшелері ата-аналарға қауіпсіз өмір сүру ережелерін ғана емес, сонымен қатар балалардың жарақаттануы мен отпен еркеліктің алдын алу міндеттерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстарды белсенді жүргізеді.

Үй иелеріне барған кезде құтқарушылар пеш пен газды жылытудың, электр сымдарының, электр жабдықтарының жай-күйіне және егер олар орнатылған болса, автономды өрт дабылқаққыштарының жарамдылығына назар аударады. Бұзушылық немесе ақаулық анықталған жағдайда құтқарушылар осы ақауларды жою бойынша кеңестер береді.

Сондай-ақ, құтқарушылар үй иелерінің тұрғындарымен тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы әңгімелеседі, қала аумағында болған жазатайым оқиғалардың мысалдары келтіріледі. Темекі шегетін азаматтармен темекі шегудің зияны және отпен абайсыз пайдалану салдары туралы әңгімелер жүргізіледі.

Жеке тұрғын үй секторының тұрғындарына жазатайым оқиғалардан қалай құтылуға болатынын және не нәрсеге назар аудару керектігін құтқарушылар тапсырған жадынамалар, көрнекті орындарға жапсырылған плакаттар еске салады.

Өрт қауіпсіздігі айлығы 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Барлығы бір мақсатпен жасалады – үйрету, түсіндіру, ескерту және сол арқылы біреудің өмірін сақтау.

Back to top button