Алматыда індеттен тағы бір адам көз жұмса, вирус жұқтырғандар саны 808 адамға жетті

Елімізде коронавирусқа шалдыққан тағы 6 адам анықталды. Ал, Алматыда індеттен 1 науқас көз жұмды, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«10 сәуір сағат 20.15-тегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді, Алматы қаласында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Атырау облысында – 2 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, Түркістан облысында – 1 адам», – делінген ақпаратта.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 226 адам, Алматы қаласында – 123 адам, Қарағанды облысында – 61 адам, Ақмола облысында – 61 адам, Атырау облысы – 47 адам, Жамбыл облысында – 45 адам, Шымкент қаласында – 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 4 адам, Маңғыстау облысында – 9 адам, Қызылорда облысында – 105 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Түркістан облысында – 35 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 808 науқас тіркелген.
Айта кетейік, осы уақытта індеттен барлығы 64 адам жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны 10 адам.



