ЖаңалықтарШымкент

Атқарушылық жазбаны жасау және жою тәртібі түсіндірілді

Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Тасполат Бағдат Мұратбекұлы «HAN TV»телеарнасының «Таңсәрі» бағдарламасында «Атқарушылық жазбаны жасау және оны жою тәртібі» тақырыбында сұхбат берді.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді. Заңдағы жаңашылдық-нотариустарға атқарушылық жазбалар жасау құқығын беру болды. Бүгінгі қоғамда нотариустың атқарушылық жазбаны жасауына сұраныс бар, бұл өз кезегінде мәжбүрлеп орындау рәсімін айтарлықтай жеңілдетеді.

Қазіргі таңда атқарушылық жазбаларын жасау тәжірбиесі қалыптасты, оның жасалуын реттейтін нормаларды іске асырудағы тиімді жақтары мен проблемалары анықталды.

Нотариустардың атқарушылық жазбаларын жасауы азаматтық құқықтық қатынастардың негізгі қағидаты – адалдықпен келісіледі, азаматтар мен заңды тұлғалар оларға тиесілі құқықтарды адал, ақылға қонымды және әділ жүзеге асыруына әрекет етуін көрсетеді.

Атқарушылық жазба институты даусыз сипаттағы талаптарды тез және тиімді шешуді қамтамасыз етуге қабілетті маңызды құқықтық құралдардың бірі болып табылады. Атқарушылық жазба Қазақстан Республикасының Конституциясына және онда белгіленген меншік құқығын қорғау принциптеріне қайшы келмейді.

Бұдан басқа, атқарушылық жазба меншік құқығын қорғаудың халықаралық-құқықтық тәсілдеріне сәйкес келеді және соттарды даусыз сипаттағы істерден босату үрдісіне сәйкес келеді. Нотариустың атқарушылық жазбаны жасауы сот жүйесінің органдарының жұмысымен алмастырылмайды, алайда даусыз талаптарды шешу процесін жеңілдетеді және жеделдетеді. Бұл ретте нотариустың қол жетімділігі және өндіріп алушының кез келген нотариусқа атқарушылық жазба жасау үшін жүгіну құқығы, сондай-ақ қаржылық шығындарды және атқарушылық жазбаны жасау мерзімдерін қысқарту негізгі артықшылық болып табылады.

Қолданыстағы нотариат туралы заңнама талаптарына сәйкес,  борышкерден ақшаны өндіріп алу немесе өзге де жылжымалы мүлікті талап ету үшін нотариус тиісті белгі қойылатын, берешекті белгілейтін төлнұсқа құжат көрсетілген кезде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде атқарушылық жазба жасайды.

Back to top button