ЖаңалықтарШымкент

Заңды тұлғаларды тіркеу саласына қатысты заң актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Ермаханқызы Перизат
«Заңды тұлғаларды тіркеу саласына қатысты заң актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар» тақырыбында әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфирде мәлімет берді.

Қандай да бір тіркеу әрeкеттерін жүргізе отырып, әр кәсіпкерді «Оларды тіркеу керек пе? Қалай тіркеу керек? Компаниядағы сол немесе өзге өзгерістерді нормативті қалай бекіту керек?» деген сияқты сұрақтар мазалайтыны анық. Мақаладан заңды тұлғаларды қандай жағдайларда қайта тіркеу қажеттігін, қайта ұйымдастыру деген не екенін және аталмыш операциялар қалай жүргізілетіні туралы білесіз.

Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру – бұл заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорлық қатынастарына әкелетін заңды тұлғаның құқықтық жағдайының тоқтатылуы немесе өзге де өзгеруі.

Қайта тіркеу – белгілі бір әрекеттерді жүргізгеннен кейін тіркеу құжаттарына өзгертулер енгізуді тіркеу.

Қайта ұйымдастырудан қайта тіркеудің басты айырмашылығы жүргізілетін өзгертулер сипаты болып табылады. Мысалы, атауын өзгерткенде кәсіпорынды қайта ұйымдастырудың қажеті жоқ, бірақ міндетті түрде қайта тіркеу керек. Сондай-ақ егер қатысушылар/құрылтайшылар құрамы өзгерсе, ал кәсіпорын басқа заңды нысандарға біріккенде//қосу/бөлу/бөлiп шығару/қайта құру қайта ұйымдастыру қажет.

Егер қайта ұйымдастыруда жаңа заңды тұлғалар бөлінсе, оларды тіркеу қажет. Көбінесе, қайта ұйымдастыру нәтижесінде сондай-ақ қайта тіркеу талап етілуі мүмкін. Қайта ұйымдастыру және қайта тіркеу шарттарымен сіз төменде таныса аласыз.

Қайта тіркеу қандай жағдайларда қажет? Азаматтық кодекстің 42-бабына сәйкес заңды тұлға мынадай жағдайларда қайта тіркеуге жатады: жарғылық капиталдың мөлшерін азайту; атауын өзгерту; шаруашылық серіктестіктеріне қатысушылардың құрамын өзгерту (бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйелерін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы шаруашылық серіктестігінің қатысушыларының тізілімін жүргізетін шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда). Филиалдар және өкілдіктердің атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.

Back to top button