ЖаңалықтарШымкент

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырылған режимде көрсету бойынша пилоттық жобаның тәртібі түсіндірілді

Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Досанбаева Индира инстаграмм әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде қала тұрғындарына «Атқарушылық іс жүргізу мәселелерін және мемлекеттік қызметтерді автоматтандырылған режимде көрсету» бойынша пилоттық жобаның тәртібін түсіндірді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі тіркеу қызметі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша шаралар қабылдауда. Елеулі өзгерістер жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді де қамтыды. Осылайша, мекен-жайды және мүлік иесінің деректерің құқықтық тізілімде өзгертуін, құқықтық кадастрдың, жер тізілімінің ақпараттық жүйелері мен «Заңды тұлғалар» және «Жеке тұлғалар» деректер базалары арасында автоматты түрде деректер алмасу арқылы жүзеге асырылады, сондықтан меншік иесінің тіркеуші органға арыздануын болдырмауға мүмкіндік берді. 2021 жылы Blockchain технологиясын енгізу арқылы екінші деңгейлі банктер рәсімдеген кепіл шарттарын тіркеу оның көрсету мерзімі 1 жұмыс күні болатын автоматтандырылған форматқа көшірілді.

Бүгінде азаматтар тіркелген құқықтар туралы ақпаратты электронды түрде 20 минут ішінде ала алады, сондай-ақ 1 жұмыс күні ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарын электронды түрде тіркей алады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін заңнамада жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) 1 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал нотариалды куәландырылған мәміле негізінде 2 сағат ішінде жеделдетілген тіркеу көзделген. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін үнемі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен жаңа жобалар, ережелер әзірленуде. Мысалы, 2021 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Е-Апостиль» ақпараттық жүйесі арқылы «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты.

Back to top button