Азаматтарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2023 жылғы 14 шілдедегі Алқа отырысының хаттамасының 3.3 тармағын орындау мақсатында Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Усипбековтың төрағалығымен жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен ауылдық жерлерде халықты мемлекет кепілдік берген заң көмегі жүйесіне қатысатын адвокаттар және заң консультанттарымен жеткілікті қамтамасыз ету және сол аумақта аталған заң көмегін беру бойынша дөңгелек үстел өтті.
Кездесуге Шымкент қаласы әкімі аппараты, Шымкент қаласы Полиция департаменті, Шымкент қалалық адвокаттар алқасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы өкілдері қатысты. Басқосу барысында шалғай елді мекендерде, сондай-ақ жергілікті учаскелік полиция пунктерінде мемлекет кепілдік беретін заң көмегіне құқылы азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Шымкент қаласы Әділет департаментінің мамандары және қала адвокаттарымен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» қызмет алушыларына құқықтық көмек көрсетілді.
Іс-шара барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға мүлікті бөлісу, бұғатталған шоттарды шешу, алимент өндіру, туу және некені бұзу туралы куәліктер алу, сондай-ақ мұрагерлік іске қатысты құқықтық кеңестер берілді.
Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен №78 түзеу мекемесінде «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Кездесуге Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Усипбеков, Департаменттің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Ботан, құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б.Абдалиева, Шымкент қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары А.Ибатов, М.Мадатов, С.Сұлтанбекова, заң кеңесшілері А.Мырзагалиева, А.Акылбековалар қатысты. Басқосу барысында сала мамандары жазасын өтеушілерге кешірім қағазын алу, жаза мерзімін жеңілдету, денсаулығының жарамсыздығына байланысты мүгедектікке шығу, баласының тегін өзгерту, неке бұзу, зейнетақы және балаға жәрдемақы тағайындауға қатысты құқықтық кеңестер берді.