Коронавирусқа шалдыққандар саны 812-ге жетті

Елімізде коронавирус инфекциясына шалдығудың жаңадан 4 оқиғасы анықталды, деп хабарлайды BasNews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«10 сәуір сағат 22.30-дағы жағдай бойынша, к оронавирус індетін жұқтырған тағы 4 адам тiркелді: Жамбыл облысында – 1 адам, Атырау облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам тіркелді», делінген ақпаратта.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 228 адам, Алматы қаласында – 123 адам, Қарағанды облысында – 61 адам, Ақмола облысында – 61 адам, Атырау облысы – 48 адам, Жамбыл облысында – 46 адам, Шымкент қаласында – 31 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 4 адам, Маңғыстау облысында – 9 адам, Қызылорда облысында – 105 адам, Батыс Қазақстан облысында – 6 адам, Түркістан облысында – 35 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 812 науқас бар.



