BasNewsЖаңалықтар
Қытайлық миллиардер Джек Ма елімізге 4,5 тонна гуманитарлық көмек жолдады

Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен 10 сәуір күні Шицзячжуаннан (Хэбэй провинциясы) «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілді. Бұл туралы еліміздің СІМ әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында хабарлады.
Көлемі 4,5 тонна гуманитарлық жүктің ішінде 500 мың түрлі медициналық маска, 5 мың қорғаныш костюм, 50 мың медициналық қолғап, сондай-ақ түйіспесіз термометрлер бар.

Сонымен қатар, алдағы күндері аталмыш қорлар Қазақстанға СOVID-19 вирусын анықтайтын экспресс-тестілерін және өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберуді жоспарлап отыр.



