Орталық қызметкерлері заңнамаға енгізілген өзгерістермен танысты
ҚР президентінің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету бағытында Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға бірқатар өзгерістер енгізілген болатын.
Осы орайда, Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері енгізілген жаңашылдықтар жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Нұржан Қыдырбайұлымен кездесті.
– Заңға енгізілген жаңашылықтардың бірі – ЖОО бітірген жастар мен аудан мен ауылда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындайындалатын болады. Бұл – білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, өңірдегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп,мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді, – деді Нұржан Қыдырбайұлы.
Мемлекеттік қызметте іріктеуді плоттық жоба бойынша ағымдағы жылы 1 наурыз бен 31 желтоқсан аралығында Агенттіктің “Е-қызмет” ақпараттық жүйесінің сыртқы порталында мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жобасы басталатын болады.
Айта кетерлік тағы бір өзгеріс, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңнамаға «келісімшарттық қызметшілер» ұғымы енгізілді. Өйткені, Мемлекет басшысы мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында келісімшарт жасаушылар институтын енгізуді ерекше тапсырған еді. Олар мемлекеттік қызметкерлер санатына жатпайды. Нәтижесінде, бұл толықтырулар салалық жобаларды іске асыру кезеңінде бейіндік білімі бар мамандарды тартуға
мүмкіндік береді. Келісімшарт мерзімі бір жылдан аспайды.
Тағы бір игі ақпарат – ротациялық төлемнің енгізілуі. Мәселен, өзге елді мекенге ротациялау кезінде мемлекеттік қызметшілер «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, ал қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда, ротацияланған мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде олардың мөлшерін есептеу, тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару қағидаларына сәйкес, ротациялық төлемдер жүргізеді.